Қазақстанда цифрлық мамандарға арналған Digital Nomad Residency бағдарламасы бойынша алғашқы ықтиярхат Алматы қаласында ресми түрде берілді. Оның алғашқы иесі Павел Филатов есімді азамат. Ол халықаралық тәжірибесі бар Senior Analytics & BI Engineer. Ол Қазақстанды өз кәсіби қызметін жалғастыру мен өмір сүруге қолайлы ел ретінде таңдаған.
Аталған бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдың қаңтарында іске қосылған болатын. Басты мақсат – әлемнің түкпір-түкпірінен ақылды технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандарды Қазақстанға тарту.
«Digital Nomad Residency – бұл жай ғана әкімшілік рәсім емес. Бұл Қазақстанның әлемдік цифрлық мамандарға ашық екенін көрсететін символдық қадам. Сонымен қатар, елд...