10 көлікті ұтысқа қойған Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі сотқа кеткен. Бұл туралы Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, блогерлердің әрекетіне байланысты шағым түскен. Соның негізінде тексеріс жүргізіліп, материалдар сотқа жолданған.
«Қазіргі таңда толық тексеріс жүріп жатыр, іс сотқа берілді. Бұл мәселені сот шешеді», — деді Мырзабосынов.
Басқа блогерлерге қатысты тексеріс
Журналистер министрден басқа да блогерлердің осындай ұтыс ойындары тексеріліп жатқан-жатпағанын сұрады. Мырзабосынов бұл жұмыстарды тиісті комитет жүргізіп жатқанын айтқанымен, блогерлердің нақты есімін атамады.
Даудың мәні
18–21 тамыз аралығында «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарымен танымал блогерлер...