NASA 2028 жылдың соңына қарай Айға төрт жаңа миссия жіберу үшін Astrobotic, Firefly Aerospace және Intuitive Machines компанияларын таңдады.
Бұл миссиялар болашақта Айда тұрақты база құру бағдарламасының бір бөлігі болады.
Жобаға жалпы 600 миллион долларға жуық қаржы бөлінді. Компаниялар Ай бетіне NASA-ның ғылыми жабдықтарын жеткізеді.
NASA мәліметінше, жаңа миссиялар Айдағы ұзақ мерзімді инфрақұрылымды дамытуға және болашақта адам қатысатын экспедицияларға дайындалуға мүмкіндік береді.
Миссиялар барысында Айға үш негізгі ғылыми құрал жеткізіледі:
SCALPSS – қону кезінде көтерілетін ай шаңының қозғалысын зерттейтін стереокамералар; LRA – ғарыш аппараттарының нақты орнын анықтауға көмектесетін лазерлік шағылыстырғыш; LETS – Айдағы радиация деңгейін өлшейтін спектрометр.Сонымен...