Каспий құбыр консорциумы (КҚК) шілде айында CPC Blend маркалы мұнай экспортын тәулігіне шамамен 1,6 млн баррельге дейін қысқартпақ. Бұл маусым айына көзделген 1,7 миллион баррель көрсеткіштен 6%-ға аз. Reuters агенттігінің жазуынша, экспорттың төмендеуіне Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарының бірі – Қарашығанақтағы өндірістің азаюы себеп болған.
Қарашығанақ кен орнынан шығатын мұнай мен газ конденсаты негізінен КҚК жүйесі арқылы экспортқа жөнелтілсе, шикі газ Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) жіберіледі.
Алайда 24 маусымда Орынбор ГӨЗ-іне украин дрондары шабуыл жасаған соң, Қарашығанақта мұнай-газ өндірісі айтарлықтай кеміді.
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәлімдеуінше, кен орнындағы өндіріс...