26 ақпанда түнде Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс болып, ондаған адам қаза тапты. Исламабад екі ел арасындағы шиеленісті «ашық соғыс» деп сипаттады.
Ауғанстанда билікте отырған «Талибан» үкіметі бейсенбі күні кешке Пәкістанның әскери шептеріне шабуылдады. Тәлібтер үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары Хамдулла Фитраттың мәлімдеуінше, ауған күштері 55 пәкістандық сарбазды өлтіріп, 19 әскери бекіністі басып алды. Алайда ресми Исламабад Кабул мәлімдемесін жоққа шығарып, шабуылдан екі жауынгері қаза тапқанын жариялады.
Артынша Пәкістан күштері Ауғанстанның Кабул, Қандағар және Пактия провинцияларын атқылады. Исламабад 133 содырдың көзін жойғаны туралы мәлімдеме таратты. Бірақ оны «Талибан» жоққа шығарып, қарымта соққыдан сегіз сарбазы қаза тапқанын айтып отыр. Екі ел...