Венесуэлада 25 маусымдағы 7,5 балдық жойқын зілзаладан 58 мыңнан астам үй мен ғимарат қираған болуы мүмкін. Бұл уақытта табиғат апаты құрбандарының саны артып келеді.
Дүмпулер қайталанып жатыр
Латын Америкасындағы осы елде болған жер сілкінісінен кем дегенде 1719 адам қаза тапты. Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес 29 маусым күні осындай мәлімет жариялады, деп таратты CNN телеарнасы.
Бұған дейін АҚШ геологиялық қызметі Венесуэладағы зілзала құрбандарының саны 10 мыңнан асуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Родригестің айтуынша, жерасты дүмпулерінен кем дегенде 22 619 адам зардап шеккен. Олардың арасында 5034 адам жараланған.
Өткен аптаның сәрсенбісіндегі зілзаладан бері 609 афтершок тіркелген. Солардың бір...