Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне Астана мен Бішкектегі ғимараттарды және жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беретін болды. 2025 жылғы 22 тамызда қол қойылған келісім Сенаттың жалпы отырысында енді мақұлданды.
Келісімнің мақсаты қандай?
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, келісімнің негізгі мақсаты – екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ екі мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің ресми резиденцияларының қызметі үшін тиісті жағдай жасау.
Құжат Астана мен Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелерін құқықтық рәсімдеуді көздей отырып, оларды ұзарту құқығымен 49 жыл мерзімге өзара өтеусіз пайдалануға беру мәселелерін реттейді.
Атап айтқанда, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне ауданы 0,75 гектар жер учаскесі, ал Қазақстан Елшісінің резиденциясы үшін...