Әлемде азық-түлікке деген сұраныс көбейіп жатыр және ол қазақстандық нарыққа, бағаға әсер етпей қоймайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ет бағасының өскенін осылай түсіндірді.
«Біз әлемдік нарықтың бір бөлшегіміз. Қазір әлемде етке, майға деген сұраныс жоғарылады, сол нарықтың бір бөлшегі ретінде оны сезіп отырмыз», – дейді ол.
Ол баяндамасында ет және өсімдік майының бағасы рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Бірақ тұрғындар осы баға деңгейін қабылдауы қажет деп есептейді.
«Баға қандай – сондай. Бізде басқа ет жоқ. Нарықта еттің келісі 3500 теңгеден, одан басқасын таба алмайсыз. Ауылдан мүмкін делдалсыз әкеліп...