Блогерлер ұйымдастырған ұтыс ойындарының құпиясы ашылды. Блогер aly_blogg желідегі ұтыс ойындарының қалай өтетінін әшкереледі.
Оның айтуынша, көлік, пәтер және қомақты ақша «ұтқандардың» дені – жалдамалы актерлер. Олар блогермен келісіп, азын-аулақ ақшаға жолы болғыш адамның рөлін ойнап береді. Қымбат сыйлықтарды ешкім ұтпайды. Қаражат пысықай блогердің қалтасында қалады.
«Мен өзім төрт жыл бұрын блогерлерге көмектесетін компанияда жұмыс істегенмін. Ұтып алған адамдардың көбі – актерлар. Біз мамандығы бар, актерлік шеберлігі актерларды тауып беретінбіз. Блогерлер олармен азын-аулақ ақшаға келісім жасайды», – деді aly_blogg.
Оның сөзіне қарағанда, ұтыс ойнататын блогерлердің қулығына құрық бойламайды. Жалданған актерлер, келісім бойынша, «ұтып алдым...