Үкімет отырысында Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша әзірлерленген болжамды бюджет жоспары мақұлданды.
Министрлер кабинет аталмыш құжатқа дауыс беріп, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері әзірлеген 3 жылдық бюджет жоспарын бірауыздан қолдады.
Премьер-министр Олжас Бектенов бюджеттің теңдестірілгенін және презиеденттің барлық стратегиялық бастамаларын ескере отырып әзірленгенін айтты. Сонымен бірге бұл құжатқа сәйкес, экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығыстар да ұлғайтылатынын ескертіп өтті.
«Мұндай шығыстар осы жылмен салыстырғанда келесі жылы жалпы шығыстар құрамында шамамен 11%-дан 16%-ға дейінөсіп отыр. Бұл өз кезегінде жалпы ел үшін маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар, бизнесті ынталандыру мен мемлекеттік қолдау шараларынан тұрады. Осы...