Украина Орынбордағы газ өңдеу зауытына дрондармен шабуыл жасады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Зауытта негізінен Қарашығанақта өндірілген шикі газ өңделеді.
«Қашыққа ұшатын дрондар Орынбор газ өңдеу зауытына сәтті соққы жасады. Нысан Киевтен шығысқа қарай шамамен 1700 км қашықта орналасқан. Бұл туралы жағдайды жақсы білетін дереккөз хабарлады. Ол аты-жөнін атаудан бас тартты, өйткені ақпарат ресми емес», – деп таратты Bloomberg.
Ақпарат агенттігі мәліметті тәуелсіз дереккөздер арқылы тексере алмады.
Украин дрондары кейінгі екі айда Орынбордағы зауытқа екінші мәрте соққы жасап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 19 қазанда ресейлік осы кәсіпорын дрондар шабуылына ұшырап, ірі зауыт Қазақстаннан...