Қазақстанның әуе паркі 2030 жылға дейін 103 ұшақпен толығады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік министрлігі осылайша алдағы 5 жыл ішінде елдің әуе паркіндегі ұшақтар санын 2 есе арттыруды жоспарлап отыр.
Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда елдің әуе паркінде 104 ұшақ бар. Оның алтауы осы жылы елге жеткізілген Airbus A320 типті ұшағы болса, біреуі жаңа Boeing 737 MAX8 ұшағы. Яғни жыл басынан бері әуе паркі 7 ұшақпен толыққан.
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, үкімет алдағы 5 жыл ішінде елдің әуе паркін жаңа ұшақтармен қамтамасыз ету мәселесін мән беріп, әуе кемелерінің жалпы санын 216-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр...