Шымкент қаласы Тұран ықшамауданындағы №51 Әлихан балабақшасының қызметкерлері мен ата-аналары қала әкімдігіне барды. Олардың айтуынша, мемлекеттік балабақша жабылу алдында тұр. Бұған балабақша қызметкерлері мен ата-аналар қарсы.
Жалақы төленбеген
Жиналғандар қала әкімдігінен жағдайды түсіндіріп беруді сұрады. Балабақша қызметкерлерінің сөзінше, мекемені жабу туралы алдын ала ескертілмеген. Тек балабақша меңгерушісі ауызша хабарлаған. Бұған қоса ,қызметкерлер жалақысын толық алмаған. Әлеуметтік төлемдері төленбеген. Тіпті соңғы үш айда күзетшілер жалақы алмапты.
«Шешім шыққан жоқ, бұйрық көрген жоқпыз. Балаларды жекеменшік балабақшаға өткізіп жатыр. Бізге сол жекеменшік балабақшада жұмыс істейсіңдер деді. Қазан, қараша айының жалақысын толық алған жоқпыз. Еңбек инспекциясына, прокуратураға шағымдандық. Қаңтар...