«Қазгидромет» мәліметінше, 17 тамызда Қазақстаннның бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайды. Бірқатар өңірде, әсіресе солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, дауыл тұрады. Оңтүстікте өрт шығу қаупі жоғары.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астана қаласында 17 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні күндіз 15-18 м/с дейін күшейеді.
Алматы қаласында өрт шығу қаупі жоғары.
Шымкент қаласында 17-18 тамызда өрт шығуы мүмкін екені ескертілді.
Солтүстік және орталық өңірлер
17 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман...