Қаланың қым-қуыт тілшілігінен шаршағандар кейде жер үйді аңсайды. Сол сияқты жер үйдің жұмысынан қажып, тып-тыныш отырғысы келетіндер пәтерге көшкісі келеді. Алайда қай-қай таңдаудың да екінші жағы болатынын ұмытпаған жөн. Олай болса, пәтер мен жер үйдің артықшылығы мен кемшілігін, кімге сай келіп, кімге келіңкіремейтінін сөз етеміз.
Пәтер
Артықшылығы
Инфрақұрылымға қолжетімділік. Пәтерде дүкен, балабақша, мектеп, қоғамдық көлік пен емхана сияқты әлеуметтік нысандар жақын болады. Түрлі үйірме, орталық сияқты оқу-дамыту орындары, фитнес клуб, жаттығу залы, бассейн секілді хоббимен айналысуға болатын жерлер көп. Мәдени, демалыс орындарына бару жеңіл.
Пәтер артық әурені ұнатпайтындар үшін әдемі нұсқа. Жылу, су келіп тұр. Бөлек...