Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғанын ескертті. Соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеген.
Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлғалар, бұрынғы әріптестер немесе таныстар ретінде таныстырады. Олар түрлі сылтаулармен азаматтардан шұғыл түрде ақша аударуды немесе қарызға беруді сұрайды.
Ведомство өкілдері ақша аударуды сұраған хабарламаларға сенбеуге шақырады. Мұндай өтініштер өзіңізге таныс немесе белгілі адамдардың атынан келсе де, олардың шынайылығын міндетті түрде тексеру қажет.
Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер. Ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерд...