2026 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға 117,6 млрд теңге қарастырылған. Қаржының басым бөлігі сүтті және етті ірі қара шаруашылығын, құс шаруашылығын және қой шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша 48,9 млрд теңге игеріліп, жалпы қаржыландыру көлемінің 41,6%-ын құрады.
Мал шаруашылығы тұрақты дамып келеді
2026 жылғы алғашқы төрт айында мал шаруашылығының жалпы өнімі 1 трлн 158 млрд теңгеден асты. Нақты көлем индексі 103,5%-ды құрап, саланың тұрақты қарқынды дамуын дәлелдеді.
Жыл басынан бері барлық санаттағы ет өндірісі 338,2 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға өсті. Оның ішінде 126,7 мың тонна құс ет...