Футболдан Әлем чемпионатының 1-турында-ақ сенсациялық ірі есеп тіркелді. АҚШ құрамасы Парагвайды еш аяусыз 4:1 есебімен талқандап, турнирді сескендіре бастады.
Ойын басталмай жатып-ақ АҚШ-тың қысымына шыдай алмаған парагвайлық қорғаушы Д. Бобадилла 7-минутта өз қақпасына гол соғып алды.
Кейін 31-минутта К. Пулишичтің пасынан кейін Балоган есепті 2:0-ге жеткізді.
Бірінші таймның соңында, 45+5-минутта М. Тиллманның ассисін сәтті пайдаланған Балоган дубль жасап, есепті 3:0 децін жеткізді.
Екінші тайм
Екінші таймда Парагвай құрамасы намысқа тырысып, 73-минутта Маурисионың көмегімен бір гол қайтарды (3:1). Бірақ бұл ойынның сипатын өзгерте алмады. Жүйкесі сыр берген парагвайлықтар дөрекілікке басып, М. Альмирон, Д. Гомес, А. Арсе және Ж. Алонсо жаппай...