Елде ауа райы қолайсыз күндері автокөліктердің қозғалысын «жұп және тақ күн» қағидаты бойынша шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Диапазон порталы.
Министрлік мәліметінше, елдің 11 қаласында ауа сапасы тұрақты түрде жоғары деңгейде ластанған. Ең проблемалы қалалар қатарында Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Қарағанды және Теміртау бар.
Сарапшылардың дерегінше, ластанудың негізгі бөлігі автокөлік, жеке сектор және шағын кәсіпкерлік нысандарынан шығады. Мысалы, Алматыда зиянды шығарындылардың шамамен 60 пайызы автокөліктерге тиесілі болса, 12 пайыздан астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтардан бөлінеді.
Бейжің тәжірибесі
Министрлік шетелдік тәжірибені зерделеу мақсатында Бейжің қаласына барған. Онда...