Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров «Кабар» арнасына сұхбат беріп, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы қызметінен Қамшыбек Тәшиевті неге босатқанын айтып берді.
Садыр Жапаров 2021 жылы халықтың басым бөлігі өзін президент етіп сайлап, мемлекеттің тағдырын сеніп тапсырғанын есіне алды. Конституция президентке мемлекеттің тұтастығын, халық пен мемлекеттік қызметшілердің бірлігін сақтауды міндеттейтінін жеткізді.
«Мен бұл борышымды мүлтіксіз орындадым. Өйткені мемлекет пен бүкіл халықтың мүддесі қызметтен де, достықтан да жоғары тұрады. Барлығы Жогорку кенештен басталды. Жекелеген депутаттық топтар депутаттарды жинап, бөліп, «сен біздің жақтасың ба, әлде ана жақтың жақтасысың ба?» деп сұрай бастаған. Қай тараптың артында кім тұрғанын...