«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы канадалық Laramide Resources Ltd және Aral Resources Ltd компанияларымен бірлескен кәсіпорын, шарттық қатынастары немесе ортақ жобалары жоқ екенін және бұған дейін де болмағанын ресми түрде мәлімдеді.
Ұлттық компанияның хабарлауынша, аталған жобалар мен шешімдер үшінші тараптардың бастамасы және «Қазатомөнеркәсіптің» қызметіне ешқандай қатысы жоқ.
Компания уран барлау немесе өндіру саласында серіктестік немесе шарттық байланысы жоқ ұйымдардың коммерциялық шешімдері мен мәлімдемелеріне түсініктеме бермейтінін атап өтті. Сонымен қатар, жарияланымдарда сөз болған уран барлау жобаларына «Қазатомөнеркәсіп» қатысушы емес.
Ұлттық компанияның мәліметінше, Laramide Resources Ltd опциондық келісім жасасқан Aral Resources Ltd компаниясына тиесілі жалпы аумағы 5,5 мың шаршы шақырымды қамтитын лицензиялар...