Ашық дереккөздерде «Банктер мен банктер қызметі туралы заңның» толық мәтіні жарияланды. Заңның алғашқы баптарының бірінде елде банк ашудың талаптары жазылған.
Банк құру
Заңның 7-бабында банктердің құқықтық мәртебесі бекітілген. Онда Қазақстанда банк құру – тек акционерлік қоғам ашумен шектелмейтін, қатаң заңдық талаптарға бағынатын күрделі процес екені жазылған. Банктің ресми мәртебесі уәкілетті органның рұқсатын алып, Азаматтарға арналған үкімет арқылы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана айқындалады. Сонымен қатар банк қызметін іске асыру үшін міндетті түрде лицензия қажет.
Атауы
Заңнамада банктің атауына қатысты да нақты шектеулер бар. Мәселен, банк ашқысы келетін дәулетті азаматтар атауында міндетті түрде «банк» сөзін қолдануы керек...