Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы – Даниал үйленгелі жатыр. Енді тойға қызу дайындық басталып кеткенге ұқсайды.
Динара Сәтжан ұлының тойына дайындық басталғанын stories-те жариялады. Ол өте мейірімді ене болуға сенімі мол екенін де атап өтті:
«Достар, сәлем. Мені құттықтап, құтты болсын айтып жатқан баршаңызға ақжарма тілектеріңіз үшін рахмет. Жекеме жазған әр хат, әр қоңырау жүрегіме жылы тиіп жатыр. Өйткені бұл біз үшін өте маңызды оқиға болғалы тұр. Кеше Даниал «Айнұр екеуіміздің суретімізді салмашы» деп өтініш айтқан. Бірақ таңертең оқырманға бұл сүйінші хабарда айтпасам болмас дедім. Ене болуға дайындалып жатырмын. Өзімнің жақсы, мейірімді ене болатыныма сенемін, сенімдімін. Ене болып, одан соң әже де боламын», – дейд...