Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа және оның жақтастарына бұлтартпау шарасы өзгермейтін болды.
24.kg ақпаратына қарағанда, Бішкек соты істі қарап, айыпталушылардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.
Жақтастары кімдер?
Бүгін, 11 тамызда, Бішкек қалалық сотында Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарына қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Адвокат айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын «елден шықпау туралы қолхатқа» өзгертуін сұраған. Олардың ішінде бұрынғы президенттің өзі, Фарид Ниязов, Равшан Жээнбеков және Ирина Карамушкина да бар.
Қандай айыптар тағылып отыр?
Судья Лейла Байдаева төрағалық еткен сот алқасы бұл өтінішті қанағаттандырмады. Енді олар қамауда қала бермек. Келесі сот отырысы 18 тамызда...