Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары мен жасанды интеллект арасында ойын өтті.
Адамзат ақылы мен цифрлық алгоритмді тоғыстырған зияткерлік бәсекеде Әлем чемпионадары Асылхан Қожанәсіп пен Аяна Исахан жасанды интеллектіге қарсы тоғызқұмалақтың классика түрінен сайысқа түскен. Олардың әрқайсысы бір ойыннан жеке кездесіп, нәтижесінде 2:0 есебімен жасанды интеллектіге есе жіберді.
Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов адам мен технология арасындағы ой жарысы өтіп тұратынын атап өтті.
«Тарихқа қарасақ, 1997 жылы шахмат сияқты күрделі ойында Каспаровты компьютер жеңді. Алайда шахматты ойнауды ешкім тастап кеткен жоқ. Адамдар өзарасында үздіктерді анықтай береді. Ол – жарыс. Ал жаңа технология адамның мүмкіндігін ары қарай кеңейтіп...