Үкіметтің 10 ақпандағы кеңейтілген отырысында Aitu мессенджері сөз болды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев отандық өнімді 700 мың адам пайдаланады десе, оған күмәнданған президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәліметтің дәлдігін тексеруді тапсырды.
Мәдиевтің мемге айналған күмәнді мәліметі
«Менің байқауымша, үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Тіпті оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды«, – деп сынаған мемлекет басшысы. Оны Ақорда таратқан.
Үкіметте көтерілген мәселе әлеуметтік желілерде талқыланып, министр Мәдиев мәліметі бірден әшкере болып қалды. Мәселен, бизнес сарапшы Алмас Қасымжанов App Store-да Aitu қосымшасы бір айда шамамен 10 мы...