Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт пен Аманжол Әлтай Конституция жобасындағы тіл туралы баптағы өзгеріске қатысты пікір білдірді. Депутаттар «тең» мен «қатар» сөздерінде үлкен айырмашылық бар деп есептейді.
Ринат Зайыт: «Тең тұрған жоқпыз, бірақ қатар тұрмыз»
Оның айтуынша, бұл өзгеріс – халық талабымен жасалған жалғыз шегініс.
«Өте жақсы қабылдадым. Себебі бұл осы реформаның ішіндегі халықтың қалауымен болған жалғыз шегініс. Бұл аз жетістік емес. Өзгерісті енгізудің өзі – халықтың талабымен санасу», – деді депутат.
Kursiv.Media тілшісі депутаттың «тең» және «қатар» ұғымдарын қолдануына қатысты сұрақ қойды. Бұл сөздердің синоним екенін, мұндай ажырату манипуляция емес пе екенін нақтылады.
Ринат...