Камчаткада магнитудасы 8,8 балдық жер сілкінісінен дүмпу ошағынан 2,3 мың км шалғайда орналасқан Владивосток қаласы да орнынан жылжып кетті. Ғалымдар осылай дейді.
2025 жылғы 30 шілдеде таңертең Камчатка жағалауында болған қуатты жер сілкінісінен Петропавловск-Камчатка қаласы жарты метрге жылжыған. Зілзаладан он минуттан соң, Владивосток қаласы да оңстүстікке қарай ойысқан. Қиыр Шығыс федералдық университетінің профессоры Николай Шестаков осылай деп мәлімдеді.
«Жерасту дүмпуінен он минуттан кейін қала оңтүстікке қарай бес сантиметрге, содан кейін тағы да солтүстікке қарай бес сантиметрге жылжыды», – дейді маман.
Ал дүмпу ошағына өте жақын орналасқан Петропавловск-Камчатск қаласы орналасқан жер 50 сантиметрге ойысқан...