Алматыда Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында балаларға арналған артроскопия бойынша халықаралық мастер-класс өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл – буынға аз жарақатпен жасалатын заманауи хирургиялық әдіс.
Ауыр патологиясы бар балаларға көмек
Қазақстан мен Ресейден келген мамандар тірек-қимыл аппаратының ауыр патологиясы бар балаларға көмектесті. «ВСЕ внутри» әдісі бойынша тізе буынының қызметін қалпына келтіруге бағытталған 24 операция жасалды. Оның ішінде 10-ы – күрделі хирургиялық араласу.
Шараға еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда Шымкент, Тараз, Талдықорған, Ақтау, Атырау және Қызылордадан 38 бала қатысты.
Клиникалық тәжірибе алмасу
Мастер-кластың негізгі сарапшысы — жоғары санатты дәрігер, Санкт-Петербург педиатриялық медициналы...