BYD компаниясының ірі жол талғамайтын моделі BYD Denza B8 ANCAP краш-тестінде бес жұлдызға ие болды.
Denza B8 жаңа модель ретінде қауіпсіздік сынақтарының көпшілігінде жақсы қорғаныс деңгейін көрсетті. Айта кетейік, бұл көлік Қытайдың ішкі нарығында Fang Cheng Bao Leopard 8 (Bao 8) атауымен сатылады.
Алты және жеті орындық конфигурация
Жол талғамайтын көлік Қытай нарығына 2024 жылдың қарашасында 379 800 юань (шамамен 54 970 АҚШ доллары) бастапқы бағамен шықты. Ұзындығы – 5,2 метр. Бұл SUV-тің жол саңылауы 310 мм-ге дейін жетеді. Көлік қосылатын гибридті қондырғымен жабдықталған, Қытайдағы нұсқасының жиынтық ең жоғары қуаты – 550 кВт (738 а.к.). Жақында модель Аустралияда да...