2025 жылдың бес айында Қазақстан шетелге 29,8 млрд доллардың тауарын сатты. Бұл – 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 млрд долларға аз. Яғни, елдің экспорттан түсетін табысы 9,2%-ға қысқарған. Бүл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметін негізге ала отырып Finprom.kz жазады.
Экспорттың азаюына не себеп болды?
Қазақстан экспортының басым бөлігі әлі де шикізат тауарлары: мұнай, газ, металл, уран сияқты ресурстарға тәуелді. Сондықтан осы сектордағы аздаған ауытқудың өзі елдің экспорттана алатын табысына бірден әсер етеді.
Мұнаймен қатар басқа да шикізат тауарлардың экспорты айтарлықтай төмендеді. Мысалы, рафинирленген мыс экспортының көлемі 20,6%-ға, ал мыс кендері мен концентраттарының сыртықы 26,8%-ға азайған. Сонымен...