Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Серкебаев көшесінің бірқатар учаскелері жабылады. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасы хабарлады.
Шектеулер Серкебаев даңғылы бойындағы бірнеше учаскеде енгізіледі. Атап айтқанда, алдағы 3 күнде күнде мына учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі:
17 шілде сағат 8:00-ден 18 шілде сағат 6:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Ходжанов көшесіне дейінгі учаскеде; 18 шілде сағат 8:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі учаскеде; 19 шілде сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.Бұл учаскелерде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті жүргізушілер мен тұрғындарға өз маршруттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылған.