Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел. Алайда ел аумағындағы қазба байлық күндердің күнінде таусылады. Республикадағы кен қоры тағы қанша жылға жететіні туралы мәліметті Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялады.
Қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:
Алтын — 30 жыл Мыс — 38 жыл Қорғасын — 156 жыл Темір кендері — 957 жыл Көмір — 350 жыл.Министрліктің мәліметінше, марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар тағы біраз жылға жетеді.
«Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат...