Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Қазмырыш» компаниясы зауытында болған қайғылы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Оқиғаның мән-жайы тексеріледі
Полиция «Қазмырыш» зауытында абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша іс қозғаған.
Оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.
«Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жазылған хабарламада.
Жарылыс қашан болды?
5 мамырда таңертең Өскемен қаласының өндіріс аймағында орналасқан «Қазмырыш» компаниясы...