2026 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы тұрақты өсімін жалғастырады, баға жағынан жаңа отандық темір тұлпарларға қатысты айтарлықтай өзгеріс болмайды. Алайда қолданыста болған көліктер сегментінде жүйелі мәселелер қордаланып жатыр. Бұл туралы журналистермен кездесуде Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Макашева айтып, алдағы кезеңде нарыққа әсер ететін негізгі үрдістерге тоқталды.
Автоодақтың болжамына сәйкес, ресми дилерлер арқылы сатылатын жаңа автокөліктердің бағасы сәл қымбаттамайды. Импорттық жаңа көліктер сегментінде бағаның өсуі 4-5% деңгейінде күтіледі. Бұл өсім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты. Ал елде құрастырылған автокөліктер бағасы анағұрлым тұрақты болып қала береді. Алматыда жаңа мультибрендті зауыттың іске қосылуына байланысты кейбір модельдердің бағасы...