«Астана-АЭК» (Аймақтық электржелілік компаниясы) коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге өтінім дайындап жатыр. Әзірге бағалар 2025 жылғы деңгейде қалып отыр.
Бағалар қалай өзгереді?
Елордада электр қуатына арналған тарифтердің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа бағасы бекітілді. Реттеуші органның шешіміне сәйкес, тариф жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп отырады:
2026 жылы – 1 кВт/сағ үшін 8,86 теңге (2025 жылы – 7,53 теңге);
2027 жылы – 9,31 теңге;
2028 жылы – 9,71 теңге;
2029 жылы – 10,12 теңге;
2030 жылы – 10,56 теңге.
Осылайша, тарифтерді жыл сайын жоспарлы түрде көтеру қарастырылған. «Астана-АЭК» хабарлағандай, алғашқы баға өсімі 2026 жылдың маусым айында болуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ энергиямен жабдықтау қызметтерінің тарифін көтеруге өтінім дайындап жатыр...