Ақтау маңындағы әзербайжандық AZAL ұшағының апатқа ұшырағанына жыл толуына орай Қазақстанның Көлік министрлігі осы уақытқа дейін белгілі болған тергеу қорытындысын жария етті.
«Анықталған бөгде металл заттарға (сыртқы объектілер) кешенді (трасологиялық, баллистикалық, жарылыс-техникалық және өрт) сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижелері бойынша жарылғыш заттардың іздері табылған жоқ. Зерттеуге ұсынылған үш оттегі баллонында жарылыс іздері жоқ. Әуе кемесінің зақымдануы болжам бойынша оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтерінен әсерінен болуы мүмкін, алайда олардың нақты тиесілігін анықтау мүмкін болмады», – делінген хабарламада.
Яғни қазір жария болған тергеу мәліметтеріне сәйкес, ұшақтан жарылыс баллонының іздері табылмаған. Зерттеу нәтижелері бойынша №2 гидравликалық жүйенің түтігінде зақым...