Иран президенті Масуд Пезешкиан Израильдің шабуылы салдарынан қаза бола жаздады,деп хабарлады ирандық Fars басылымы.
Агенттік мәліметінше, соғыс басталғаннан үш күн өткен соң, 16 маусымда Израиль әскери-әуе күштері Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесіне қатысты ғимаратқа соққы жасаған.
Бомбалау салдарынан электр қуаты өшіп, шұғыл жиналысқа қатысып отырғандардың барлығына, соның ішінде Пезешкианға да дереу эвакуациялануға тура келген. Бірнеше адам, соның ішінде президенттің өзі де, аяқ жарақатын алған.
Пезешкианның айтуынша, бұл оқиға Иран арнайы қызметтері ақпараттың сыртқа шығарумен байланысты болуы мүмкін. Fars Иран ішінде «жіберілген агент» нұсқасы талқыланып жатқанын жазды.
Иран БАҚ-тарында шабуылдан кейінгі Таегеранның батысындағы тау беткейіне жасалған соққы көрінетін видео жарияланды. Аталған кешен дәл осы жерде орналасқан.
Израиль жағы әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме