Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин өнеркәсіптік кооперация және өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қытай елінің өкілдерімен кездесу
Әкімдік хабарлауынша, қала басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен және ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Цзян Вэймен кездескен.
Кездесу барысында сауда, өнеркәсіп және инвестиция сынды басым салаларда өзара тиімді әріптестікті нығайту мәселесі талқыланған. Сатыбалды екі ынтымақтастығының арқасында Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы артқанын, Қытайдың үлесіне Алматының жалпы сыртқы сауда айналымының 32,9%-ы тиесілі екенін атап өткен. Ал осы...