Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Сүйінші жаңалықты тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы бөлісті.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды.Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім», – деп жазды Сұлтанқызы.
Айта кетейік, Құралай Анарбекова Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» тарихи драмасында Корлан кейіпкерін сомдады. 2017 жылдан бері бірнеше бөлімі шыққан «Брат или барк» фильмінде басты...