Chevrolet компаниясы өзінің танымал кроссовері – Tracker 2026 моделінің жаңартылған нұсқасын ресми түрде таныстыруға дайындалып жатыр
CNN Brazil ақпаратына қарағанда, автокөлік Бразилияның Сан-Каэтано-ду-Сул қаласындағы зауытта өндірістен шыққан. Жақын арада дилерлерге жеткізілмек.
Сыртқы келбеті мен дизайны жаңарды
Tracker 2026 екі деңгейлі алдыңғы жарық жүйесімен жабдықталған. Үстіңгі бөлікте жіңішке жарықдиодты күндізгі шамдар бар. Төменгі жағында негізгі шамдар және ықшам тұманға қарсы шам орналасқан. Алдыңғы бампер мен радиатор торы жаңартылған. Енді олар Blazer мен Equinox сияқты басқа Chevrolet модельдеріне ұқсас болады.
Сондай-ақ, RS деп аталатын «спорттық» нұсқасы да өзгерген. Бұл нұсқада көліктің шевроны, айналары мен дөңгелектері қара түске боялған. Ал...