Әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі авиация саласы алдағы онжылдықта ірі кадрлық мәселеге тап болуы мүмкін. Авиациялық оқыту мен технологиялар саласындағы жаһандық CAE компаниясы мұны әуе тасымалына сұраныстың артуы, ұшақтар паркін кеңейту мен қазіргі мамандардың жаппай зейнетке шығуымен байланыстырады.
CAE зерттеуіне сәйкес, 2035 жылға қарай авиация саласына шамамен 1 млн 465 мың жаңа қызметкер қажет. Оның ішінде 300 мың ұшқыш, 416 мың техникалық қызмет көрсететін маман, 71 мың әуе қозғалысын басқаратын диспетчер қажет болады деп болжанып отыр.
Мұндай мәселе ел нарығында да байқалады. Айталық, Азаматтық авиация академиясының зерттеуінше, алдағы бес жылда отандық авиация саласына 14 мыңнан астам...