АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің ең бай адамы Илон Маск жұмысын тексеру керек деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.
Құрама Штаттар президентінің пікірінше, Маск мемлекет субсидиясынсыз «дүкенін жауып», отанына оралар еді.
«Илон тарихта ең көп субсидия алған адам шығар. Бірақ ол мұндай көмексіз дүкенін жауып, ОАР-дағы үйіне қайтар еді», – деп жазды Трамп.
АҚШ президенті зымыран ұшырмай, электромобиль өндірмесе, ел әлдеқайда көп қаражат үнемдер еді деп есептейді.
«Бәлкім бізге DOGE-ден осы мәселені дұрыстап тексеруді талап ету керек шығар? Үнемдеуді талап ететін қомақты ақша!» – деп...