Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болған. Бұл туралы Ресей басылымдары жазып жатыр.
Қай елге өту қиын?
Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, Қазақстан шекарасынан Ресей аумағына кіру қиындаған. Сондай-ақ Қазақстанға өтетін бағатты да кептеліс пайда болған. Мәселен, «Теплое» автомобиль өткізу пунктінде көлік аз болғанымен, бір сағатта тек 9 көлік өтіп үлгеріп жатқаны айтылады. Ал «Маштаково» өткізу бекетінде – ұзын көлік кезегі. Мұнда Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған көліктер көп.
Әсіресе, Орск – Әлімбек өткізу бекетінде Қазақстаннан Ресейге өте алмай тұрғандар көп. Бұл өткізу бекетінен тек жүк көліктері ғана емес, қарапайым жеңіл көліктег...