Оңтүстік кореялық BNK Commercial Bank Қазақстанның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне ресми түрде қосылып, қорға қатысушы 20 банктің бірі атанды. Бұл туралы ақпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ресми сайтында жарияланды.
ҚДКҚ басқарма төрағасы Әділ Өтембаевтың айтуынша, жаңа банк жүйеге қосылған сәттен бастап қ жеке тұлғалардың депозиттері басқа банктердегі салымдармен тең деңгейде қор кепілдігімен қорғалады.
«Жаңа банк жүйеге қосылғаннан кейін қабылдайтын жеке тұлғалардың барлық депозиттері ҚДКҚ кепілдігімен қорғалады. Бұл — барлық қатысушы банктерге ортақ шарт», — деді Өтембаев.
Мемлекет кепілдік беретін сома:
теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені, теңгедегі жинақ салымдардан...