Исламабад АҚШ президенті Дональд Трампты Пәкістан мен Үндістанды татуластырғаны үшін Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Үкімет мәлімдемесі X әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Пәкістан үкіметі президент Дональд Трампты 2026 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығына үміткерлер қатарына ұсыну туралы шешім қабылдады. Исламабад оның Үндістан-Пәкістан дағдарысы кезінде дауды дипломатиялық жолмен шешуге басшылық еткенін мойындайды», – деп жазылған мәлімдемеде.
Бұған қоса, Исламабад Құрама Штаттар президентінің аймақтағы тұрақсыздыққа себеп болып отырған Джамму мен Кашмирге қатысты дауды шешу туралы ұсыныстарын жоғары бағалады.
«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Джамму мен Кашмирге қатысты қарары орындалмайынша, Оңтүстік Азияда мызғымаз бейбітшілік орнамайды», – деп...