Кейде қанша жерден күшіңіз жетіп тұрса да, көңіл қалауыңыз тартпайтын кездер болады. Бір рет солай болады, екінші рет солай болады. Сөйтіп біртіндеп мұның себебі жайлы ойлана бастайсыз. Көп жұмыс істеп қажып кеткеннен бе, әлде кері тартып, тынықсаң да кетпей қоятын апатия басталды ма? Бұл екі сезім мен күй өте ұқсайды. Сондықтан көбі шатастырады. Бірақ екеуінің айырмашылығы бар. Қатты шаршаған адам жақсылап демалса, қалыпқа келе қалады. Ал енді апатияға ұласқан болса, онда демалыстан пайда жоқ. Ол кезде психикалық-эмоциялық жай-күйіңізді жақсартуға күш салу керек. Бүгінгі материалымызда шаршау мен апатияның ара-жігін қалай ажыратуға болатыны туралы айтамыз. Оған қоса, оның неге пайда болатынын және...
Жаңалықтар
Биыл Қазақстанның батыс өңірлеріне осымен бесінші мәрте дрон құлады. 19 маусымда күндіз Маңғыстау облысының тұрғындары қашықтан басқарылатын ұшу аппаратын тауып алды.
Сұр түсті аппарат Қарақия ауданы аумағында, Болашақ шекара темір жол станциясы маңында табылды.
Жергілікті полиция Lada.kz басылымына шағын ғана мәлімет берді.
«Ешкімге ешқандай зардап келмеді. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлаған құқық қорғау органдарының өкілдері.
Айта кетейік, Қазақстанның батыстағы өңірлеріне биыл осымен төртінші мәрте дрон құлады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы аумағына төрт мәрте белгісіз ұшу аппараты түскен:
18 ақпан – Бөкейорда ауданы Ұялы ауылының тұрғындары ұзындығы 120 см ақ түст...2025 жылдың мамырында еліміздің тұрғын үй нарығы күрделі динамика көрсетіп отыр. Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы бір шаршы метр үшін 521 596 теңгеге жетіп, 8,7%-ға өскен. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің құны 541 858 теңге болып, 6,3% өсімді көрсетті. Жалға алу ақысы да шетте қалмады — 4 496 ₸/м², бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4% жоғары.
Аймақтық ахуал
Баға өсімі жағынан Павлодар облысы ерекше көзге түсті. Мұнда жаңа пәтерлердің шаршы метрі бір жыл ішінде 22,6%-ға қымбаттап, 423 015 теңгеге жетті.
Алматы қаласы дәстүрлі түрде ең қымбат аймақ ретінде қалып отыр: жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 633 217 теңге, ал екінші нарықтағы пәтерлер ...
Жоғарғы сотта алматылық түлек Медина Майсардың Ғылым және жоғары білім министрлігіне талап арызына қатысты іс қаралып жатыр.
Еске сала кетейік, 2024 жылы мемлекеттік грант бөлу кезіндегі дау шықты. Сол кезде мектеп түлегі Медина Майсар ҰБТ-дан 119 балл жинағанына қарамастан мемлекеттік грант ала алмағанын айтып видео жариялаған.
Кейін іс бойынша бірінші инстанция мен апелляциялық сот алқасының шешімі шыққан.
Майсардың адвокаты Халида Әжіғұлованың айтуынша, министрліктің 2024 жылдың 2 тамыздағы №388 бұйрығында төтенше жағдай болған өңірлердегі түлектерге бөлінген 20% грант квота деп көрсетілген. Алайда білім туралы заңда квотаның 10 түрі ғана белгіленген, оның ішінде «төтенше жағдай» деген бөлік жоқ.
Осылайша олар Ғылым...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.
Ол бүгін Астанадағы Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды
Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты.
Кәсіпорын іске қосылған 2022 жылдан бері 700-ден аса автокөлік шығарған.
«Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің ақпаратында.
Сондай-ақ коммерциялық автокөліктерге арналған қосымша жабдықтар өндірісі жолға қойылған. 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.
Компания өндірістік қуаты мен өнім түрін кеңейтуді көздейді. Осы мақсатта өзге де халықаралық брендтермен келіссөз жүргізіп...
Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы уақытша жабылады. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер екі мезгілге бөлінген. Олар:
2025 жылдың 1-4 қыркүйегі аралығы,
2025 жылдың 8 қыркүйегінен 31 қазанына дейін.
«Бұл күндері күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы жабық болады. 5-7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы қалыпты режимде жұмыс істейді, рейстер жоспар бойынша орындалады», – деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» баспасөз қызметі.
Осыған байланысты рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Жолаушылардан рейске қатысты өзекті ақпаратты авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылау қажет.
Жөндеу жұмыстары аэродром инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту шеңберінде...
Түркістан облысы Ордабасы ауданының мектебінің түлегі Жәнібек Әбілхан ҰБТ-да 140 балл жинады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Кездесу барысында министр еліміздегі жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарына тоқталды.
«Біз қарапайым ауыл мектебінің түлегі ең жоғары балл жинағанына ерекше қуанамыз. Мемлекет тарапынан оның білімін әрі қарай дамытуына толық қолдау көрсетіледі. Бүгінде Қазақстан өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасып келеді. Елде құрылған білім беру экожүйесі халықаралық серіктестердің қызығушылығын арттырып жатыр. Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, жаңа...
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Ақорданың хабарлауынша, президентке аллеядағы ландшафтты даму жоспары көрсетілді.
Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942 гектарды қамтиды. Сарайшық ауданындағы желілік саябақ тұрғын үйлер кешені мен әлеуметтік нысандар, мектептер, темір жол вокзалы, скверлер, көшелер мен жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының арасын жалғайды.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек вокзал маңындағы саябақ аудандағы көрікті жерге айналатынын айтты. Мұнда ойын алаңдары, амфитеатр және аллеялар салу жоспарланған.
Былтыр «Қазақ елі» алаңында ағаштар егіліп, дизайнерлік қақпақтар орнатылды, шамдар мен басқа да сәулеттік қалыптар жаңартылды.
Биыл ең әуелі Байтұрсынұлы, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы маңындағы тұрғын үй кешендерін қамтитын желілік...
Астанада 21-22 маусым күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және тағы басқа тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады», – деп хабарлады әкімдік.
Іс-шара 21 және 22 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23-үй мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол күн...
Алматыда экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты сот үкімі шықты. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.
Светлана Жолманова ісі
Светлана Жолманова Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы қызметін атқарған кезде, «мүдделі тұлғалардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектескен, алаяқтық әрекеттерді жасады» деген күдікке ілінді. 2021 жылы ҰҚК судьяның кабинетінде тінту жүргізіп, 10 мың доллар көлемінде ақша тауып алғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл оқиғадан кейін Жоғары сот оны бар мәртебесінен айырды. Ал мамырда Тоқаевтың жарлығымен Жолманова судьялық қызметінен босады.
2024 жылдың қазан айында Жолманованың алаяқтық фактісі бойынша қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауға алынған со...
Бейсенбі күні Израиль Қорғаныс армиясы Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 250 шақырымда орналасқан Иранның ең ірі ядролық нысандарының бірі – Арак қаласындағы ауырсу реакторына шабуыл жасады. Бұл туралы Еuronews хабарлады.
Израиль Әскери-әуе күштері түнде және таңертең Ирандағы бірнеше ядролық нысандарға соққы берген. Соның ішінде Арак қаласындағы IR-40 реакторы да бар.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыстар болған аудандардан бейбіт тұрғындар эвакуацияланған, ал жойқын қирау тіркелмеген. Дегенмен, жарияланған фото және видеоларда жарылыс анық көрінеді. ЦАХАЛ шабуылдың алдында тұрғындарды алдын ала ескертіп, аймақтан кетуге шақырған.
Шабуыл жасалған күні Израиль әскерилері Арактағы нысанға, соның ішінде плутоний өндірісіндегі негізгі компонент болып саналатын реактордың белсенді аймағына соққы берілгенін...
Сенат қоғамдық орында бетті бүркемелеп жүруге тыйым салатын заңды Мәжіліске қайтарды. Депутаттар заңның кейбір баптарына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.
Сенат депутаттары құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбауға қатысты заңға өзгерістерді талқылады.
Заңға сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар үшін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы өтініштерді енді Сыртқы істер министрлігі емес, Ішкі істер органдары қарастыратын болады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігінің бұл бағыттағы құзыреті алынып тасталады.
Сонымен бірге «Қазақстан Республикасыны...
Семейден ұшып шыққан ұшақ ауа райына байланысты Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына қона алмады. Бұл жағдай 2025 жылдың 19 маусымында тіркелген.
Ұшақ қонатын уақытта елордада қатты жел соғып, найзағай болған.
«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыдағы қосалқы аэродромға қону туралы шешім қабылдады. Ауа райы тұрақталғаннан кейін ұшақ Астанаға қайта ұшып, жақын уақытта қонады», – деп хабарлады Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы баспасөз қызметі.
Сондай-ақ әуежай мұндай шешімді қауіпсіздік мақсатында тек әуе кемесінің командирі қабылдайтынын жеткізді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Сенатта журналистерге Павлодар облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуші есірткі бизнесімен айналысқаны жөніндегі оқиға бойынша қандай шара қолданылғанын айтып берді.
Қайырбековтің айтуынша, сотталушы колония ішінде есірткі жеткізу бойынша тұрақты арна құрған. Сонымен қатар ол ғимаратқа Starlink антеннасын орнатып алған.
«Бұл оқиға бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатаң тәртіптік шаралар қолданылды. Атап айтқанда, мекеме басшысының орынбасары қызметінен босатылды, режимдік бөлімнің жедел қызметкерлері де жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ облыстық департамент басшысы бақылаудың жоқтығы үшін лауазымынан алынды», – деді Қайырбеков.
Комитет басшысы «колонияға Starlink антеннасын қоюға кім рұқсат берді» деген сұраққа тергеу әлі жалғасып...
Әлемдегі автомобиль таситын ең ірі BYD Shenzhen Қытай кемесі алғашқы рейсін Бразилияға жасады. Жергілікті тұрғындар болса елді Қытайдың арзан көліктері қаптағанына наразы. Бұл туралы Reuters жазды.
20 футбол алаңына тең алып кеме Итажаи портына тоқтады. Тұрғындардың кейбірі оны суретке түсіріп жүр. Алайда Бразилияда халықтың бір бөлігі арзан көліктердің елге келуін жақтырмайды.
BYD қытай автогиганты жергілікті нарыққа айтарлықтай арзан электромобиль мен гибрид көліктерін ұсынып отыр. Бразилиядағы автоөндірушілер мен кәсіподақ жетекшілері болса, отандық өнімге орын қалмай барады деп ренжіді.
Ірі кеменің алғашқы рейсін осы елге жасағанына қарағанда, BYD биыл Бразилия нарығына көз тігіп отыр. Автогигант жыл басынан бері Латын Америкасындағы елге шамамен...
16 млн қазақстандықтың жеке дерегінің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
«Жеке өмірге қол сұғушылық және Қазақстан Республикасының жеке деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу бойынша (ҚР ҚК 147-бабы) қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізу үшін іс ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді», – деді ол журналистерге.
Еске салайық, 16 маусымда 16,3 млн қазақстандықтың жеке деректері таралып кеткені туралы ақпарат тарады. Ұрланған жазбалар арасында қазақстандықтардың ЖСН-і, аты-жөні, ұлты, телефон нөмірі, жынысы жайлы деректер бар.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің түсіндіруінше, ол деректер...
Қазақстанда автомобиль өткізу бекеттерін жаңарту жалғасып жатыр. Қазірге дейін 6 шекара бекеті жаңартылды, ал жыл соңына дейін тағы 5 өткізу пунктті жаңалау жоспарланған. Жаңа технологиялар көлік өтуін едәуір жеделдетіп, өткізу мүмкіндігін 2,5 есе арттырды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов айтты.
«Бүгінгі күні 6 өткізу пункті сәтті жаңғыртылды. Жыл соңына дейін тағы 5 бекет заманауи жабдықтармен толықтырылады. Жаңғыртылған бекеттердің өткізу қабілеті 2022 жылғы 640 мың көліктен 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн көлікке дейін артты. Бұл 2,5 есе өсім», – деді Бақытжан Слямов.
Қазір мемлекеттік шекара бойында барлығы...
Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктері Қазақстанда жасалып, автосүйер қауымды қуантатын күн алыс емес. Зауыт Қостанай облысында аяқталуға жақын.
Ол Kia Qazaqstan автозауыты деп аталады. Бұл — отандық машина жасау саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі.
СМN ақпаратына қарағанда, бұл Kia компаниясының сыртқы нарықтағы алғашқы толық циклды зауыты болмақ.
Басқа да Kia модельдері қосылады
Зауыт алғашқы кезеңде Kia Cerato, Sportage және Sorento шығармақ. Кейіннен басқа да Kia модельдерін желіге қосу жоспарланып отыр.
Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктері Қазақстанда аса танымал. Әсіресе, Kia Sportage биыл қуатты гибридті жүйесімен ерекшеленіп отыр. Газбен де жүреді.
Бұл көліктерде комплектациясына қарай климат-бақылау, көлікт...
Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны және дәрігерлік амбулатория салынды. Бұл жайлы облыс әкімдігінен хабарлайды.
Жаңа медициналық нысан Қордай ауданы Үлкен-Сұлутөр ауылында бой көтерді.
«Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Оның жарқын мысалы – медициналық көмекпен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету болып табылады», – деді облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.
Бұл амбулатория ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан. Оның ашылуына дейін амбулатория 1959 жылы салынған ескі ғимаратта жұмыс істеген.
Аудан орталығы...
Алматыдағы Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайда салынып жатқан төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылып, бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Нысан заңсыз салынған. 2022 жылы құрылыстың тиісті құжаты болмағандықтан, басқарма өз бетінше салынған ғимаратты бұзуға талап-арыз берген. Кейін сот процесі жүрген.
2022 жылы 29 қарашада Алматы қалалық соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, Алматының Әділет департаменті атқарушылық іс қозғаған болатын.
Қала тұрғындарына ғимараттың заңсыз салынғанын ескерту үшін нысан жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енгізілген.
Әкімдік бұған дейін тізімге енген бірқатар заңсыз салынған ірі нысан толық немесе жартылай бұзылғанын, олардың арасында «Арман» және «KHAN», «Orda City» тұрғын үй...
«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы – KMG PetroChem Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында (AIX) 546,8 миллион доллар көлемінде облигация шығаратынын хабарлады. Бұл қаражат Атырау облысындағы жаңа газды бөлу қондырғысын салу және оны іске қосуға жұмсалады. Қондырғы болашақ полиэтилен зауытының бір бөлігі ретінде салынады.
Зауыт құрылысы 2025 жылы басталды
Атыраудағы бұл зауыт — еліміздегі алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің екінші фазасы. Оның жалпы құны шамамен 7 млрд доллар деп бағаланған.
Құрылысы 2025 жылдың наурызында басталды. Жоспар бойынша, құрылыс 2028 жылы аяқталып, өндіріс 2029 жылы іске қосылады.
Жобаға кімдер қатысып жатыр?
Зауытты Silleno атты компания жүзеге асырып жатыр...
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатын қараусыз қалдыруды сұрады, деп хабарлайды KursivMedia.
Істің мән-жайы
2023 жылдың ақпанында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат Алматыда ерлі-зайыпты Олег және Анна Черновқа қол көтерген. Салдарынан Олег Черновтің қабырғасы сынған, ал Анна жақ тұсынан соққы алған. Бастапқыда сот Болатқа бостандықты шектеу жазасын тағайындады.
2024 жылдың күзіне дейін Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды үш рет бұзған. Соған байланысты ол 1 жыл 5 ай 10 күнге қамалды.
Өтінішхатын қайтарып алды
2025 жылдың маусымында сотталған Болат жаза мерзімін айыппұлмен алмастыруды сұрап, сотқа өтініш түсірген. Қазірге дейін ол жазаның үштен бірінен аса мерзімін өтеген.
19 маусымында өткен...
Сенат рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдап, қол қою үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.
Қанша адамға рақымшылық жасалады?
«Заң азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатуға, сотталғандарды, оның ішінде пробациялық бақылаудағы адамдарды жазалаудың өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған», – деді депутат Нұрлан Бекназаров.
Алдын ала есептеулер бойынша рақымшылық 15,1 мыңнан астам сотталғанға қатысты қолданылады. Соның ішінде 4,1 мың адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылады. Ал 11 мың сотталушының негізгі жазасының мерзімдері қысқартылып, ертерек бостандыққа шығуына жағдай жасалады.
Заң жобасын барлық депутат мақұлдады.
Арқанкерген оқиғасы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың қамаудағы жағдайы қандай екені айтылды.
Сенатта Ішкі істер министрінің орынбасары-Қылмыстық аткару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбековтен Челахтың жағдайы мен оның рақымшылыққа өтініш берген-бермегені сұралған.
Абай Қайырбеков Челах заңда көзделген ұстау ережелерін ұстанып жүргенін, оған рақымшылық жасау туралы қандай да бір материал қарастырылмағанын жеткізді.
Владистав Челах 2012 жылы 11 желтоқсанда «Арқанкерген» шекаралық бекетінде 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырған. Ол 2013 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтарға арналған «Қара бүркіт» деп аталатын мекемеде жазасын өтеп жатыр.
Абай Қайырбеков бұған дейін...