Онлайн-лотерея ойнатқан маңғыстаулық ерлі-зайыпты тергеліп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз кәсіпкерлік жасаған деп күдік келтірген.
Маңғыстау облысының ҚМА департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Күдікке ілінген жұптың бірі – әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлов екені анықталып отыр.
Онлайн-лотереяға пәтер, көлік және басқа да сыйлық тігілген
Ақтау қаласында, әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok, Telegram) 850 мыңнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты ірі онлайн-лотерея өткізген. Бірақ лотерея операторы ретінде тіркелмеген. Бұл отбасы автокөліктер, пәтерлер және басқа да құнды сыйлықтарды ұтысқа қойған.
1800 адам қатысқан
Онлайн-лотерея қатысушылары билеттерді (цифрлық нөмірлер) 500 теңгеден 50 000 теңгеге дейін сатып...