Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жетті. Бұл – елдің жалпы ішкі өнімінің 21%-ы. Қаржы министрі Мәди Такиев «қарыз деңгейі бақылауда» дегенімен, депутаттар бұған күмәнмен қарайды.
18 маусымда Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Ол мемлекеттік қарыз көлемі 31,9 трлн теңге екенін айтты. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, бұл – орташа деңгей. Министр осыны алға тарта отырып, ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеді.
Алайда Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева бұл тұжырыммен келіспейді. Оның сөзінше, соңғы 10 жылда Қазақстанның мемлекеттік қарызы екі жарым есе артқан.
Савельеваның айтуынша, Жоғары аудиторлық палата бірнеше жылдан бері ескерту жасап отыр. Біра...