Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding Corp бір жылдың ішінде Қазақстан шахмат федерациясына 11 млн 222 мың доллар аударды. Бұл туралы холдингтің жылдық есебінде айтылды.
Қаражат Қазақстан шахмат федерациясын демеуге, жарнамалауға бөлінген. Тимур Турлов осы федерацияның президенті қызметіне 2023 жылғы қаңтарда сайланған.
«Холдинг Қазақстанда шахмат спортын дамытуды қолдайды. 2025 жылғы 31 наурызда аяқталған қаржы жылында компания Қазақстан шахмат федерациясына қаржылай қолдау көрсетті. Қаражат чемпионаттар мен турнирлер өткізуге, дайындық лагерін ұйымдастыруға және басқа да шараларға жұмсалды», – деп жазылған Freedom есебінде.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері Қазақстан шахматшылары клубтар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Олар...